АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында үш есірткі зертханасы анықталып, есірткі сататын интернет-дүкендердің қаржы арналары бұғатталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Есірткі бизнесіне тиесілі жалпы сомасы 18 миллион теңгеге жуық қаражат жатқан 600-ден астам банк шоты бұғатталды.
" Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде антифрод орталығы арқылы 230 миллион теңгеден астам сомаға заңсыз операциялар тоқтатылды. Сондай-ақ дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді", - дейді ведомство.
Ал полиция органдарының ұсынысымен 42,5 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жолмен рәсімделген 32 кредитті өндіріп алу уақытша тоқтатылды.