Алматы облысында есірткі бизнесіне тиесілі 600-ден астам банк шоты бұғатталды

© Sputnik / Санат ИмангалиевКруглый стол "Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира", посвященный российско-казахстанским отношениям
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Жазылу
Дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында үш есірткі зертханасы анықталып, есірткі сататын интернет-дүкендердің қаржы арналары бұғатталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Есірткі бизнесіне тиесілі жалпы сомасы 18 миллион теңгеге жуық қаражат жатқан 600-ден астам банк шоты бұғатталды.
" Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде антифрод орталығы арқылы 230 миллион теңгеден астам сомаға заңсыз операциялар тоқтатылды. Сондай-ақ дропперлерден заңсыз байығаны үшін 22 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді", - дейді ведомство.
Ал полиция органдарының ұсынысымен 42,5 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жолмен рәсімделген 32 кредитті өндіріп алу уақытша тоқтатылды.
Маңғыстау облысында есірткі саудасына күдіктілерден 1 млрд теңге табылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Маңғыстауда есірткі саудасымен айналысқандардан 1 млрд теңге табылды
Жаңалықтар
0