АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.