Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар бар ма — СІМ жауабы

Мьянмада 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Таиландтағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы туралы сыртқы істер министрлігі ресми ақпарат берді.
Айтуларынша, Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне ешбір қазақстандықтан қтініш түспеген.
"Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің ақпараты бойынша жер сілкінісіне байланысты осы елдегі отандастарымыздан қандай да бір өтініштер келіп түскен жоқ", - дейді ведомство.
Айта кетейік, Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың ошағы 1,2 миллион тұрғыны бар Мандалай қаласынан небірі 17 шақырым жерде орналасқан.
10 мың доллардан сұраған: Екі қазақстандық қыз Таиландта құлдықтан құтқарылды