10 мың доллардан сұраған: Екі қазақстандық қыз Таиландта құлдықтан құтқарылды

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэты женщин, архивное фото
Силуэты женщин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2024
Жазылу
Қыздардың жоғары білімі бар, бірнеше тіл меңгерген
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таиландқа жұмыс іздеп барып, құлдыққа түсіп қалған екі қызды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қаңтар айында Таиландтағы елшілікке құлдыққа түсіп қалып көмек сұраған екі қазақстандық қыздан хат түскен.
"Біз мән-жайды дереу анықтай бастадық. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып "алтын үшбұрышқа" (Таиланд, Мьянма және Лаостың шекаралық аумағы) құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарлама көріп, Таиландқа жұмысқа барамыз деп кеткен. Содан алданып қалған", - дейді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.
Құлдықта ұстағандар әрбіреуінен 10 мың доллардан сұраған. Алайда қыздарда да, олардың туыстарында мұндай ақша болмаған.
"Біз жергілікті билікпен бірлесіп жұмыс істеп, бір ай ішінде екі отандасымызды құлдықтан құтқардық. Бір тиын да төлеген жоқпыз. Жергілікті дипломаттардың көмегімен алып шықтық. Қазір екеуі ұшақпен елге ұшып келе жатыр", - деді СІМ ресми өкілі.
Смадияров қыздарды кім құлдықта ұстағаны белгісіз дейді.
"Ол жерде көбіне қытай компаниялары жұмыс істейді. Телефон, интернетпен адам тартып, алаяқтық жасайды. Тіл білгеннен кейін, соларға алданып қалады. Жоғары айлықпен қызықтырады, бірақ оны төлемейді", - дейді ол.
Бұған дейін соңғы екі жылда 200-ге жуық Қазақстан азаматы Таиландпен шекаралас аумақта құлдыққа түсіп қалғаны хабарланған болатын.
Рабство в Казахстане - откровенное интервью правозащитницы - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Видео
Құлдық қамытын кигендер: сарапшы ақысыз еңбекке жегу мәселесін қаузады - видео
Жаңалықтар
0