Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Ердоған Украинадағы жағдай мен "Қара теңіз бастамасын" талқылады

Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті
Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Путин мен Ердоған "Қара теңіз келісімін" және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ресей-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Кремль.
"Ресей президенті украин қақтығысын бейбіт жолмен шешуге және Ресей-Америка қатынастарын қалыпқа келтіруге бағытталған АҚШ-пен диалог барысын бағалады. Жоғары және басқа деңгейлерде жүргізілген байланыстардың сындарлы сипаты атап өтілді", - деп хабарлады Кремль.
Эр-Риядтағы екі елдің сараптамалық топтарының жуырдағы консультацияларының қорытындылары және 18 наурыздан бастап Ресей мен Украинаның энергетика нысандарына 30 тәулік мерзімге соққыларға мораторий жариялау туралы қол жеткізілген уағдаластық талқыланды.
"Сонымен бірге Владимир Путин Киев режимінің ресейлік энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасап жатқан арандатушылық әрекеттеріне назар аударды", - деп атап өтті Кремль.
Сондай-ақ, 2022 жылдың шілдесінде Түркия мен БҰҰ Хатшылығының делдалдығымен жасалған, бірақ іс жүзінде ешқашан іске асырылмаған ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына кедергілерді жою және қауіпсіз тасымалдау бойынша "Қара теңіз бастамасын" жаңарту мәселелері бойынша пікір алмасты.
"Режеп Тайып Ердоған Ресей-Америка диалогына қолдау білдіріп, түрік тарапының "Қара теңіз мәмілесін" ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібі мен өңірлік мәселелер талқыланды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Мәскеу мен Киев бейбітшілікке қол жеткізгісі келеді деп санайды