https://sputnik.kz/20250328/putin-men-erdogan-ukrainadagy-zhagday-men-qara-teniz-bastamasyn-talqylady-52009443.html
Путин мен Ердоған Украинадағы жағдай мен "Қара теңіз бастамасын" талқылады
Путин мен Ердоған Украинадағы жағдай мен "Қара теңіз бастамасын" талқылады
Sputnik Қазақстан
Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T20:11+0500
2025-03-28T20:11+0500
2025-03-28T20:11+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
түркия
режеп тайип ердоған
владимир путин
https://sputnik.kz/img/1300/94/13009406_0:0:2926:1646_1920x0_80_0_0_954fd89868128c222c792a8cf6198f73.jpg.webp
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Путин мен Ердоған "Қара теңіз келісімін" және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ресей-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Кремль.Эр-Риядтағы екі елдің сараптамалық топтарының жуырдағы консультацияларының қорытындылары және 18 наурыздан бастап Ресей мен Украинаның энергетика нысандарына 30 тәулік мерзімге соққыларға мораторий жариялау туралы қол жеткізілген уағдаластық талқыланды."Сонымен бірге Владимир Путин Киев режимінің ресейлік энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасап жатқан арандатушылық әрекеттеріне назар аударды", - деп атап өтті Кремль.Сондай-ақ, 2022 жылдың шілдесінде Түркия мен БҰҰ Хатшылығының делдалдығымен жасалған, бірақ іс жүзінде ешқашан іске асырылмаған ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына кедергілерді жою және қауіпсіз тасымалдау бойынша "Қара теңіз бастамасын" жаңарту мәселелері бойынша пікір алмасты."Режеп Тайып Ердоған Ресей-Америка диалогына қолдау білдіріп, түрік тарапының "Қара теңіз мәмілесін" ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді", - делінген хабарламада.Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібі мен өңірлік мәселелер талқыланды.
https://sputnik.kz/20250326/tramp-maskeu-men-kiev-beybitshilikke-qol-zhetkizgisi-keledi-dep-sanaydy-51917739.html
ресей
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1300/94/13009406_195:0:2926:2048_1920x0_80_0_0_824b6526a7d0fc0a9c403a2ef1f0b5d2.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, түркия, режеп тайип ердоған, владимир путин
ресей, түркия, режеп тайип ердоған, владимир путин
Путин мен Ердоған Украинадағы жағдай мен "Қара теңіз бастамасын" талқылады
Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Путин мен Ердоған "Қара теңіз келісімін" және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ресей-түрік ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Кремль.
"Ресей президенті украин қақтығысын бейбіт жолмен шешуге және Ресей-Америка қатынастарын қалыпқа келтіруге бағытталған АҚШ-пен диалог барысын бағалады. Жоғары және басқа деңгейлерде жүргізілген байланыстардың сындарлы сипаты атап өтілді", - деп хабарлады Кремль.
Эр-Риядтағы екі елдің сараптамалық топтарының жуырдағы консультацияларының қорытындылары және 18 наурыздан бастап Ресей мен Украинаның энергетика нысандарына 30 тәулік мерзімге соққыларға мораторий жариялау туралы қол жеткізілген уағдаластық талқыланды.
"Сонымен бірге Владимир Путин Киев режимінің ресейлік энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасап жатқан арандатушылық әрекеттеріне назар аударды", - деп атап өтті Кремль.
Сондай-ақ, 2022 жылдың шілдесінде Түркия мен БҰҰ Хатшылығының делдалдығымен жасалған, бірақ іс жүзінде ешқашан іске асырылмаған ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына кедергілерді жою және қауіпсіз тасымалдау бойынша "Қара теңіз бастамасын" жаңарту мәселелері бойынша пікір алмасты.
"Режеп Тайып Ердоған Ресей-Америка диалогына қолдау білдіріп, түрік тарапының "Қара теңіз мәмілесін" ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екіжақты күн тәртібі мен өңірлік мәселелер талқыланды.