АЛМАТЫ, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда барлығы 4 343 мопед тіркелді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Экстерриториялық принцип бойынша, яғни Алматыда жүрген басқа облыстардың 1 742 мопеді тіркелді.
"5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп ескертті ведомство.
Еске сала кетейік, 5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып саналады, заң талаптарын орындамаған мопед иелері жауапқа тартылады.