Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Мәскеу мен Киев бейбітшілікке қол жеткізгісі келеді деп санайды

Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Мәскеу де, Киев те Украинадағы қақтығысты тоқтатқысы келетініне сенім білдірді.
"Ресей қақтығысты аяқтағысы келеді деп ойлаймын. Зеленский де оның аяқталғанын қалайды", - деді Трамп Newsmax телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Ақ үй америкалық делегацияның Ресей және Украина өкілдерімен Эр-Риядтағы кездесулерінің қорытындысы бойынша қауіпсіз кеме қатынасын қамтамасыз ету, күш қолдануды болдырмау және Қара теңізде коммерциялық кемелерді әскери мақсатта пайдалануға жол бермеу туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен АҚШ Украина дағдарысын шешкісі келеді – Песков