АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. Орынбор облысындағы "Светлый" автомобиль өткізу пунктіне күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлады "Ресей шекара құрылысы".
Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан пункттегі жұмыстар 1 сәуірден басталып, жарты жыл жүргізіледі.
"Инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту және азаматтар мен тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде "Ресей шекара құрылысы" жеңіл автомобиль өткізу пунктінде асфальт-бетон жабынына күрделі жөндеу жүргізеді", - делінген хабарламада.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін өткізу пунктінің жұмысы тоқтамайды, бірақ пункт алдында көлік кептелісі болуы мүмкін.
Мемлекеттік шекараның "Ресей - Қазақстан" учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді немесе Комсомольский мен Орск өткізу пункттері арқылы баламалы жүру бағдарын қолдануды ұсынамыз, деп хабарлады "Ресей шекара құрылысы" өкілдері.