Ресей мен АҚШ-тың Эр-Риядтағы кездесуінің негізгі қорытындылары жарияланды

Ең алдымен Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігі қатысты мәселелер талқыланды, деп бұған дейін РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеген болатын
Sputnik
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Кремль Эр-Риядта өткен Ресей мен АҚШ кездесуінің негізгі қорытындыларын жариялады.
Қара теңіз жөніндегі Ресей-АҚШ келісімі Россельхозбанк және азық-түлік (соның ішінде балық өнімдері) пен тыңайтқыштың халықаралық саудасын қамтамасыз ететін басқа банктерден санкциялар алынғаннан кейін күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы экспортына жұмылдырылған ресейлік банктер SWIFT халықаралық төлем жүйесіне қайта қосылуға тиіс.
Ресейге ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуге қойылған шектеулер жойылмайынша, астық келісімі күшіне енбейді.
Сондай-ақ азық-түлік пен тыңайтқыш өндіретін және экспорттайтын ресейлік компанияларға, осы өнімдердің саудасында қолданылатын Ресей кемелеріне және сақтандыру компанияларының жұмысына қатысты санкцияларды алып тастау керек.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Эр-Риядта Ресей және АҚШ делегацияларының келіссөзі өтіп жатыр