АСТАНА, 26 наурыз - Sputnik. "ҚазМұнайГаз" былтырғы жылдың қаржылық нәтижелерін ұсынды.
Ұлттық мұнай-газ компаниясы негізгі қаржылық көрсеткіштерді 2023 жылмен салыстырды:
Түсім 2023 жылы 8,32 трлн теңгеден ($18,24 млрд) 8,33 трлн теңгеге ($17,75 млрд) дейін ұлғайды;
EBITDA* көрсеткіші өзгерген жоқ: 2023 жылы 2,01 трлн теңге ($4 4,40 млрд) болса, былтыр да 2 трлн теңге ($4 4,26 млрд) деңгейінде қалды;
Таза пайда 2023 жылы 927 млрд теңгеден ($2,03 млрд) 1,09 трлн теңгеге ($2,33 млрд)дейін өсті.
Бір қызығы, кіріс көрсеткіштері теңгемен өсті, бірақ доллармен есептегенде азайған.
* EBITDA - пайыз, салық, амортизация және тозуды шегергенге дейінгі компанияның пайда көрсеткіші.