https://sputnik.kz/20250311/qazmunaygaz-sheteldik-kompaniyany-qazaqstanga-investitsiya-quyuga-shaqyrdy-51518764.html
"ҚазМұнайГаз" шетелдік компанияны Қазақстанға инвестиция құюға шақырды
"ҚазМұнайГаз" шетелдік компанияны Қазақстанға инвестиция құюға шақырды
Sputnik Қазақстан
Тараптар геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T14:21+0500
2025-03-11T14:21+0500
2025-03-11T14:21+0500
қазмұнайгаз
баә
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0b/51511012_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ed1ab91db00d0759cb1e5701a2f40e74.jpg
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басшысы арабтың ADNOC компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласының жобаларына инвестиция құюға шақырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі."ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында "Abu Dhabi National Oil Company" (ADNOC) бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті.Асхат Хасенов ҚМГ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, ADNOC компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа жобаларына инвестиция құюға шақырды.Кездесуде тараптар геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Хасеновтің айтуынша, ҚМГ роуд-шоуды сәтті аяқтап, өз геологиялық барлау жобаларына инвесторлар (отандық және халықаралық) тартты.Бүгінгі таңда ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасын жалғастыра отырып, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілетін үш жаңа перспективті жобаны дайындады.
баә
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/0b/51511012_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_a312defd00dad4c0eb2d196b03b1d999.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, баә
"ҚазМұнайГаз" шетелдік компанияны Қазақстанға инвестиция құюға шақырды
Тараптар геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" АҚ басшысы арабтың ADNOC компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласының жобаларына инвестиция құюға шақырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында "Abu Dhabi National Oil Company" (ADNOC) бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті.
Асхат Хасенов ҚМГ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтіп, ADNOC компаниясын Қазақстанның мұнай-газ саласының жаңа жобаларына инвестиция құюға шақырды.
"ҚазМұнайГаз бен "Abu Dhabi National Oil Company" серіктестігі жобаларды жүзеге асырудың тиімділігін едәуір арттырып қана қоймай, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", — деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Кездесуде тараптар геологиялық барлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Хасеновтің айтуынша, ҚМГ роуд-шоуды сәтті аяқтап, өз геологиялық барлау жобаларына инвесторлар (отандық және халықаралық) тартты.
Бүгінгі таңда ҚМГ жер қойнауын геологиялық зерттеу бағдарламасын жалғастыра отырып, сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілетін үш жаңа перспективті жобаны дайындады.