АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Атырау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 26 наурыз күні сағат 07:30 шамасында болған.
"Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 3 адам көз жұмды", - дейді ведомство.
Тағы 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.