Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза болды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысқан
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Атырау облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 26 наурыз күні сағат 07:30 шамасында болған.
"Ақтөбе – Атырау - Астрахань тасжолында Toyota Coaster автобусы мен Lada Vesta автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 3 адам көз жұмды", - дейді ведомство.
Тағы 2 адам әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.
Вид на разбитое стекло и пулевые отверстия в лобовом стекле полицейской машины на улице в Алматы, Казахстан, четверг, 6 января 2022  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2025
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза болды
Жаңалықтар
0