АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астаналық теннисші Кирилл Герасименко президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жеңісімен және Қазақстанның абсолютті чемпионы атағына ие болуымен құттықтағанын жеткізді, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
Спортшы бұндай жоғары құрметтің алдағы жетістіктерге жігерлендіретінін атап өтіп, жанында болғандарға алғыс айтты.
Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алып, 2025 жылғы елдің абсолютті чемпионы атанды. Ол барлық бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен болатын.