АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Екі айда 6931 адамға қоқысты белгіленбеген жерге тастағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, қоқысты бейберект тастай беретіндерді бейнекамералар арқылы анықтаған.
"Биыл екі айда республика бойынша полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзу бойынша 6931 дерегін анықтады. 6813 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полициядағылар.
Астанада қоқысты арнайы жәшікке тастамаған 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жағдайда да бейнекамералардың себі тиген.
"Бүгінгі таңда Астанада 207 мың бейнекамера жұмыс істейді, оның 36 мыңы жедел басқару орталығына қосылған. Қаладағы жалпы камералардың саны өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға көп", - дейді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.