Ресей мен АҚШ-тың Эр-Риядтағы келіссөзден кейінгі бірлескен мәлімдемесі қашан жарияланады

Бірлескен мәлімдеме сейсенбі жарияланады деп күтілуде
Sputnik
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Эр-Риядта Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөз аяқталды.

Ол 12 сағаттан астам уақытқа созылып, ең ұзақ келіссөздер болды.
CBS телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей мен АҚШ-тың Эр-Риядтағы келіссөзден кейінгі бірлескен мәлімдемесі сейсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:00-де жарияланады деп мәлімдеді.
"Мәлімдеме Вашингтон уақытымен таңғы сағат 4:00-де және Мәскеу уақытымен 11:00-де жариялануы керек", - деп жазды басылым.
Эр-Риядта Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөз дүйсенбі күні өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Эр-Риядта Ресей және АҚШ делегацияларының келіссөзі өтіп жатыр