Тбилисиден ұшқан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

Жолаушылардың біріне медициналық көмек көрсетіліп, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды
Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Тбилисиден ұшып шыққан Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл қонды.
"Тбилиси-Алматы рейсі бойынша Airbus A321 бортындағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлап, ұшқыш Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуды сұрады", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
"Air Astana әуе компаниясының шешімімен рейс кейінге шегерілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды", - деп хабарлады әуежай.
Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін алты әуежай тексерілді