Наурызнама: 23 наурыз – тазару күні

Тазару күні тұрғындар үй маңындағы алаңдарды қар мен қоқыстан тазартады
Sputnik
АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Бүгін Наурызнама онкүндігінің соңғы күні – тазару күні.
Астанада сағат 10.00 елордалық театрлардың ұжымдары экоакцияға шығып, өз ғимараттарының маңындағы аумақтарды тазартады.
Үйлердің аулаларында "Тазару" жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді. Акция барысында тұрғындар үй маңындағы алаңдарды қар мен қоқыстан тазартады.
Ал Алматыда "Таза Қазақстан" бағдарламасы және "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында жалпықалалық тазарту шаралары өтеді.
"Акция қаланың барлық аумағында өтеді және қоғамдық кеңістіктерді, рекреакциялық аймақтарды, саябақтарды, сверлер мен аула аумақтарын қамтиды", - деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Қала тұрғындары қаланы көгалдандыруға қатысады, өйткені ағаш отырғызу маңызды іс-шаралардың бірі болады. Алматы әкімдігі акцияға қатысушыларға ағаш көшеттерін, сондай-ақ қолғап, сөмке, күрек-тырма ұсынады.
Барлық жиналған қоқыс қалдығы одан әрі өңдеу үшін полигонға шығарылады. Акция сағат 9.00-де басталып, қаланың бірнеше жерінде өтеді.
Наурызнама онкүндігі: мейрам қалай тойланады