АСТАНА, 23 наурыз– Sputnik. Мереке күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауға шыққан офицер есірткі жасырушыларды құрықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Күшейтілген кезеңде жұмыс кестесі бойынша қызметте тұрған полиция майоры түнгі сағат 00:00 шамасында қарама-қарсы келе жатқан екі жас жігітті байқайды. Тәртіп сақшысын көре сала олар ізін суытпақ болған. Алайда олар көп ұзамай тұтқындалады. Жігіттердің бірінен гашиш есірткісі табылған.
"Олар басқа облыстың азаматтары болып шықты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, заң жүзінде шара қабылданды. Бүгінде тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.