Оралда есірткі сатқандардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 ақпан - Sputnik. Орал қаласында есірткі сатқан 20 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған.
"Жедел басқару орталығының инспекторы көпқабатты үйдің ауласында күдікті адамдар тобын байқап, орнына патрульдеушілерді жіберді. Тексеру барысында полиция 20 жастағы ер адамды ұстады, оның қалтасынан өзіне тән иісі бар жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес зат табылды", - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыстар үшін 80 АЕК (314 560 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған
Полка с лекарствами в аптеке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Құрамында есірткі бар дәрілерді сатқан 226 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0