Бестөбе алтын кенішінде жұмысшы қаза тапты

Тау массасының опырылуы салдарынан екі жұмысшы аса ауыр жарақат алды, бірі көз жұмды
Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Ақмола облысындағы Бестөбе алтын кенішінде тау массасы опырылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы жағдай 19 наурыз күні болған. Оқиға салдарынан екі жұмысшы аса ауыр жарақат алды. Бірі Степногор қаласындағы ауруханаға жатқызылды, екіншісі қайтыс болды.
"Бестөбе" кенішіндегі "Западная" шахтасында жұмысшының өліміне қатысты "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады тілшімізге облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрылды.
Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы көз жұмды