https://sputnik.kz/20250319/ulytau-oblysyndagy-kenishte-zhumysshy-koz-zhumdy-51756882.html
Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы көз жұмды
Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы көз жұмды
Sputnik Қазақстан
1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен 19.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-19T17:39+0500
2025-03-19T17:39+0500
2025-03-19T18:02+0500
қазақмыс
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_1a9de4999344ffc9bff69f728e80aa54.jpg.webp
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясы өндірісте жазатайым оқиға орын болғанын хабарлады.Трагедия 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде болған.Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді."Қазақмыс" компаниялар тобының өндірістік нысандарында жазатайым оқиғалардың жиілеуіне байланысты корпорация басшылығы бүгіннен бастап бекітілген кестеге сәйкес тәуекел деңгейі жоғары барлық технологиялық процесті тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.Кеніш тоқтап тұрған кезеңде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бақылауға алынып, барлық жұмыс түрі жан-жақты тексеріледі. Барлық кемшілік жойылғаннан кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады.
https://sputnik.kz/20250121/qazaqmys-kenishinde-kenshi-koz-zhumdy-50166088.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_66e76895553669398f0613af43266acd.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс
Ұлытау облысындағы кеніште жұмысшы көз жұмды
17:39 19.03.2025 (жаңартылды: 18:02 19.03.2025) 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясы өндірісте жазатайым оқиға орын болғанын хабарлады.
Трагедия 19 наурызында Ұлытау облысында орналасқан Шығыс-Жезқазған кенішінде болған.
"№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді.
"Қазақмыс" компаниялар тобының өндірістік нысандарында жазатайым оқиғалардың жиілеуіне байланысты корпорация басшылығы бүгіннен бастап бекітілген кестеге сәйкес тәуекел деңгейі жоғары барлық технологиялық процесті тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
Кеніш тоқтап тұрған кезеңде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бақылауға алынып, барлық жұмыс түрі жан-жақты тексеріледі. Барлық кемшілік жойылғаннан кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады.