Арғын Нығматулин тергеуге дейін Қазақстаннан кетіп қалған – Антикор

Арғын Нығматулин хоккейді дамытуға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин іздеу жарияланғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлады.
"Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Тергеу басталмай тұрып-ақ елден кеткен. Оны іздеу және елге қайтару шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Құрақбаев.
Арғын Нығматулин Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың депутаты болған, "Сарыарқа" хоккей клубын басқарған.
Арғын Нығматулинге неліктен іздеу жарияланғаны белгілі болды