Арғын Нығматулинге неліктен іздеу жарияланғаны белгілі болды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Жазылу
Соттың санкциясымен оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура Арғын Нығматулинге неліктен іздеу жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бас прокуратураның мәліметінше Арғын Нығматулин және басқа да тұлғалар Қарағанды ​​облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Сотқа дейінгі тергеу аясында А.З. Нығматулин күдікті деп танылып, соттың санкциясымен оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына байланысты іздеу жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Айта кетері, Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин бұрын Қарағанды облысы мәслихатының депутаты болған. "Сарыарқа" хоккей клубын басқарған.
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Жаңалықтар
0