Шенеуніктер түрмеге экскурсия жасайды

Здание СИЗО-72 в Алматы
Бүгінге дейін 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер түрмеге экскурсия жасаған
Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына тұрақты түрде экскурсия жасайды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында агенттіктің аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына тұрақты негізде экскурсия ұйымдастырады", - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі Данияр Биғайдаров.
Оларға тергеу кабинеттері, қылмыскерлерге арналған камералар мен тұтқындар серуендейтін орындар көрсетіледі, деді антикор.
Бүгінге дейін 2 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер түрмеге экскурсия жасаған.
Деньги в руках, архивное фото
"Түрмеге қамаласыз!": министрлік полицейлерге пара ұсынбауды сұрады