АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 60 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
"Ол жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерді жасау және балалар порнографиясын жазу мақсатында жас қыздардың анасымен келісім жасап, ақшалай сыйақы беріп отырған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Айта кетері, полицейлер "STOP-трафик" операциясының үш күнінде адам саудасымен, адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартумен байланысты 40 қылмысты анықтады.