https://sputnik.kz/20240718/abay-oblysynda-buldirshindi-azaptap-oltirgen-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-45753611.html
Абай облысында бүлдіршінді азаптап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Абай облысында бүлдіршінді азаптап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Ер адам жас баланың өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген 18.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-18T18:25+0500
2024-07-18T18:25+0500
2024-07-18T18:32+0500
өмір бойына соттау
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Абай облысында бүлдіршінді өлтіріп, денесін әжетханаға жасырған ер адамға үкім шықты, деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.4 жасар баланы анасы күтушінің үйінде қалдырып, өзі ақша табуға кеткен. Трагедия болған күні күтушінің 38 жастағы күйеуі алкогольдік ішімдік ішіп, жас балалардың алдында киімсіз жүрген, артынан өзінің 9 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.Ер адам жас баланың өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген. Осы әрекеттерінен кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.Ал бала күтуші баланы күйеуінен қорғамаған және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ешқандай шара қолданбаған.Прокурор ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал оның бала күтуші әйеліне 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.Ер адам азаптау бабымен кінәні толығымен мойындады, қалған айыптардан бас тартты. Әйел өз кінәсін толық мойындады."Сот айыпталушыны балаға қатысты азғындық, азаптау және кісі өлтіру әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал оның бала күтуші әйелі 2 жыл 6 айға сотталды, ол 3 жыл бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқара алмайды", - деп мәлімдеді Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіСот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Еске сала кетері, талайдың жағасын ұстатқан оқиға былтыр күзде болған. Анасы 4 жасар баласын бала күтушіге қалдырып, өзі ақша табу қамымен кеткен. Қайтып келгенде баласын таппай қалған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өмір бойына соттау
Абай облысында бүлдіршінді азаптап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
18:25 18.07.2024 (жаңартылды: 18:32 18.07.2024) Ер адам жас баланың өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген
АЛМАТЫ, 18 шілде – Sputnik. Абай облысында бүлдіршінді өлтіріп, денесін әжетханаға жасырған ер адамға үкім шықты, деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
4 жасар баланы анасы күтушінің үйінде қалдырып, өзі ақша табуға кеткен. Трагедия болған күні күтушінің 38 жастағы күйеуі алкогольдік ішімдік ішіп, жас балалардың алдында киімсіз жүрген, артынан өзінің 9 жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған.
"Бала күтушінің күйеуі 4 жасар баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптаған. Бала үйде болған 4 айда ер адам оны жек көрген. Баланы өлтіру үшін бірнеше рет ұрған. Бала алған жарақатынан қайтыс болды", - дейді сот.
Ер адам жас баланың өлгенін күтіп, ешқандай көмек көрсетпеген. Осы әрекеттерінен кейін баланың денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.
Ал бала күтуші баланы күйеуінен қорғамаған және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ешқандай шара қолданбаған.
Прокурор ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал оның бала күтуші әйеліне 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Ер адам азаптау бабымен кінәні толығымен мойындады, қалған айыптардан бас тартты. Әйел өз кінәсін толық мойындады.
"Сот айыпталушыны балаға қатысты азғындық, азаптау және кісі өлтіру әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ал оның бала күтуші әйелі 2 жыл 6 айға сотталды, ол 3 жыл бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқара алмайды", - деп мәлімдеді Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетері, талайдың жағасын ұстатқан оқиға былтыр күзде болған. Анасы 4 жасар баласын бала күтушіге қалдырып, өзі ақша табу қамымен кеткен.
Қайтып келгенде баласын таппай қалған.