АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. "Ақсеңгір – Шамалған" темір жол өткелінде ер адам жүк пойызының астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
"Пойыз жолында ер адам кенеттен пайда болған. Жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті басқан. Алайда ер адам локомотив пен өткел бойынша кезекшінің сигналын елемеген. Қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.
Бұл оқиға туралы "Алматы-1" станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Жәбірленушінің жеке қауіпсіздік пен темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы оқиғаға себеп болып отыр.
ҚТЖ азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.