АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. 18 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы)
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 724 арнайы техника мен 2163 маман жұмылдырылды.