Полицейлер мыңдаған көлікті колоннамен алып жүрді

© Photo : Polisia.kz. Безопасный проезд более тысячи автомобилей на трассе "Алматы — Усть-Каменогорск" обеспечила казахстанская полиция
Безопасный проезд более тысячи автомобилей на трассе Алматы — Усть-Каменогорск обеспечила казахстанская полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 16 наурыз– Sputnik. Абай облысында полицейлер қар басқан жолмен келе жатқан мыңнан астам көлікті қауіпсіз жерге дейін алып жүрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйке, автоколонна Аягөз қаласынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін және кері бағытта жүріп өтті. Оларға “Citic Construction Co” мердігер ұйымының арнайы техникасы көмектесті.
Бұдан бөлек, Абай облысында екі полиция қызметкері қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетті.
“Үржар – Семей" тасжолының 695-шақырымында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды. Жүргізушілер мен жолаушылар өз бетінше шығудың амалын таба алмаған.
“Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дереу жетті. Аға лейтенант Нұржан Мырзабаев пен полиция қызметкері Ерік Тұрсынов қолайсыз ауа райына қарамастан, жолда қалған азаматтарға жәрдемдесті”, - делінген ресми хабарламада.
Полицейлер қарға батып қалған көліктерді шығарып қана қоймай, жүргізушілер мен жолаушыларға психологиялық көмек те көрсетті.
Түнде автокөліктердің бірінің бензині таусылып қалған. Полиция қызметкерлері оларды патрульдік көлікке отырғызып, жылынуына мүмкіндік берді.
Осылайша, құтқару жұмыстары таңғы 5:00-ге дейін жалғасты. Одан кейін жол мамандары келіп, көлік қозғалысын ашты.
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2025
Қызылорда облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Жаңалықтар
0