Ақтөбе облысында айналма жолды су басты

Көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды
Sputnik
АСТАНА, 18 наурыз - Sputnik. Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымында Жем көпірі маңындағы айналма жолды су басты, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" компаниясы.

"Су басқан учаскенің ұзындығы 100 метрді, ал судың биіктігі 50 см құрады. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Ел аумағының 71 процентінде қар жатыр": су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды