Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіс парадына дайындыққа байланысты ұшу кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін

22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулер болады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық және оны өткізу кезінде ұш кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлады Астана халықаралық әуежайы.

"Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі", - дейді ведомство.

Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгеріс енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты авиакомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды сұрады.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығына тарту: Қарағанды облысында майдангерлер жайлы кітап жарыққа шығады