АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Еуроодақ кеңесі дүйсенбі күні Украинаға берілетін 3,5 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмекті мақұлдады, делінген кеңес таратқан мәлімдемеде.
"Еуропалық одақ кеңесі Украинаға арналған ЕО қорының үшінші төлемін мақұлдағаннан кейін Украина жақын арада шамамен 3,5 миллиард еуро алады", - делінген құжатта.
Ақпан айының соңында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевте еурокомиссарлар алқасының Украина үкіметімен бірлескен отырысында ЕО Украинаға наурыз айында 3,5 миллиард еуро көлемінде макроқаржылық көмектің тағы бір траншын жіберетінін мәлімдеді.