Қазақстандық тенннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Теннисші Александр Бублик ATP рейтингінде 82-ші орында тұр
Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Фенинкс қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай финалда Бублик басты фавориттердің бірі – португалиялық Нуну Боржешті екі сетте қатарынан (6:3, 6:4) жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды. Қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 82-ші орында тұр. Ал Боржеш - әлемнің 38-ші ракеткасы. Осы турнирде ол чемпиондық титулдың басты үміткері болды.
Финалда Бублик бразилиялық Жуан Фонсекамен (80-шы орын) кездеседі. Бұл матч ертең өтеді.
Айта кетері, АҚШ-тағы турнирдің сыйақы қоры - 250 000 доллар. Чемпион 38 420 долларға және 175 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің ширек финалында жеңді