Рыбакина Әбу-Дабидегі турнирдің ширек финалында жеңді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
Жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалдық кездесуін өткізді, деп жазады Sports.kz.
Онс Жабермен (33-орын) кездесу үш сетте қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды - 6:2, 4:6, 7:6.
Бұған дейін Рыбакина америкалық Кэти Волынецті (68-орын) 2:1 есебімен ұтса, швейцариялық Белинда Бенчич (157-орын) оның жартылай финалдағы қарсыласы болады.
Айта кетейік, Абу-Дабидегі турнир 3-8 ақпан аралығында өтіп жатыр, қазір Рыбакина көш бастап тұр. Жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2024
Рыбакина тағы бір турнирге қатысудан бас тартты
Жаңалықтар
0