Қарағандыда оқу-жаттығу кезінде полицей көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз– Sputnik. Қарағандыда оқу-жаттығулар кезінде жазатайым оқиға кезінде полицей мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тәртіп сақшысының отбасына көңіл айтты.
"Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу кезінде болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері А. Алиевтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді", - дейді Сәденов.
Министр оқиға орнына өз орынбасарын жібергенін жазды. Тергеу барысын арнайы комиссия бақылайды.
Айта кетері, ақпанның басында Астанадағы "Алатау" спорт кешенінде арнайы жасақтың қызметкері қайтыс болған.
Астанада спорт кешенінде жаттығып жүрген полицей көз жұмды