Жеңістің 80 жылдығы

Лукашенко Трампқа Украина мәселесін шешуге көмектесуге ниеттенгені үшін алғыс айтты

Sputnik
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты реттеуді мақсат етіп қойғаны үшін алғыс білдірді.
"Дональдқа бейбітшілік орнатуға көмектесу мақсатын қойғаны үшін алғыс айтамын. Бірақ бұл әңгімеге илана салмаған жөн. Фактілерді үстел үстіне қойсын, бізге зиянын тигізбес үшін оларды қарау керек", - деді Лукашенко РФ Федерация кеңесінде сөйлеген сөзінде.
Сейсенбі күні Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөз өтіп, оның қорытындысы бойынша Америка әкімшілігі тез арада атысты тоқтатуға шақырды. Владимир Зеленскийдің кеңсесі келіссөз қорытындысы бойынша Киев пен Вашингтонның бірлескен мәлімдемесін жариялады, онда Украина АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысына дайын екендігі аталып өткен.
13 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Украинамен 30 күндік бітімді жақтайтынын, бірақ бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке бастауға тиіс екенін мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Украинамен 30 күндік бітімді қолдады