Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Лукашенко Трампқа Украина мәселесін шешуге көмектесуге ниеттенгені үшін алғыс айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаВыступления глав государств на саммите ШОС в Астане
Выступления глав государств на саммите ШОС в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы қақтығысты реттеуді мақсат етіп қойғаны үшін алғыс білдірді.
"Дональдқа бейбітшілік орнатуға көмектесу мақсатын қойғаны үшін алғыс айтамын. Бірақ бұл әңгімеге илана салмаған жөн. Фактілерді үстел үстіне қойсын, бізге зиянын тигізбес үшін оларды қарау керек", - деді Лукашенко РФ Федерация кеңесінде сөйлеген сөзінде.
Сейсенбі күні Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөз өтіп, оның қорытындысы бойынша Америка әкімшілігі тез арада атысты тоқтатуға шақырды. Владимир Зеленскийдің кеңсесі келіссөз қорытындысы бойынша Киев пен Вашингтонның бірлескен мәлімдемесін жариялады, онда Украина АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысына дайын екендігі аталып өткен.
13 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Украинамен 30 күндік бітімді жақтайтынын, бірақ бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке бастауға тиіс екенін мәлімдеді.
Президент РФ В. Путин провел заседание оргкомитета Победа - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Украинамен 30 күндік бітімді қолдады
Жаңалықтар
0