АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Фукуок қаласынан Астана қаласына ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы құспен соқтығысты.
Бұл жаңалық әлеуметтік желіде тарады. Әуе компаниясы редакцияның сауалына жауап берді:
"VSV5355 "Фукуок-Астана" рейсі Шымкент қаласына қонғаннан кейін қатты желдің салдарынан құстар тиіп кеткені анықталды. Оқиғаның салдарын жою үшін қосымша ұшақ жұмылдырылды", - деп хабарлады SCAT баспасөз қызметі.
Жолаушылар Шымкент қонақүйлеріне орналастырылып, ыстық тамақ берілді.
Еске сала кетейік, наурыз айының басында Ақтаудан Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға қайтуға мәжбүр болды.