Фукуоктан Астанаға ұшқан SCAT ұшағы құспен соқтығысты

© Sputnik / Ксения Воронина Первый заместитель муфтия Наурызбай благословил новый Boeing-737 MAX 8 авиакомпании SCAT
 Первый заместитель муфтия Наурызбай благословил новый Boeing-737 MAX 8 авиакомпании SCAT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Жазылу
Оқиға жанармай құю үшін Шымкентке қонған кезде болған
АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Фукуок қаласынан Астана қаласына ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы құспен соқтығысты.
Бұл жаңалық әлеуметтік желіде тарады. Әуе компаниясы редакцияның сауалына жауап берді:

"VSV5355 "Фукуок-Астана" рейсі Шымкент қаласына қонғаннан кейін қатты желдің салдарынан құстар тиіп кеткені анықталды. Оқиғаның салдарын жою үшін қосымша ұшақ жұмылдырылды", - деп хабарлады SCAT баспасөз қызметі.

Жолаушылар Шымкент қонақүйлеріне орналастырылып, ыстық тамақ берілді.
Еске сала кетейік, наурыз айының басында Ақтаудан Алматыға ұшқан Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты Ақтауға қайтуға мәжбүр болды.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Air Astana Алматыдан ұшатын рейстердің кешіккенін хабарлады
Жаңалықтар
0