Таразда жүргізуші куәлігін сатқан 7 адам сотталды

21 адамға заңсыз жүргізуші куәлігі берілген
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Тараз қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері жүргізуші куәліктерін сатқан. Кінәлілер жазаға тартылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

"Тараздағы халыққа қызмет көрсету орталығының 2 қызметкері, 1 программист маман 4 делдал арқылы Жамбыл, Түркістан және Алматы облысының 21 тұрғынына жүргізуші куәлігін жасап берген. Бұл азаматтар жол қозғалысы ережесінен емтихан тапсырмаса да, куәлік алған", - деп жазылған хабарламада.

Жүргізуші куәлігінің құны 100 бен 200 мың арасында бағаланған. Қаражатты 7 адам өзара бөліп келген.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 3 жыл 6 ай мен 4 жыл 6 ай аралығында бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ қылмыстық қудалау органының талабы бойынша жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылды.
Семейлік 100-ден астам автобус жүргізушісіне заңсыз айыппұл салынған