Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Украинамен 30 күндік бітімді қолдады

Бірақ бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке бастауға тиіс, деп атап өтті Ресей басшысы
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Украинамен 30 күндік бітімді жақтайтынын, бірақ бір шарты бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Путин Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсыныспен келіседі, бірақ бұл қадам ұзақ мерзімді бейбітшілікке бастауға тиіс.
Ресей басшысы Украина америкалықтардан жердегі жағдайға байланысты атысты тоқтатуды табанды түрде сұрауы керек екеніне сенімді.
Сейсенбі күні Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөз өтіп, оның қорытындысы бойынша Америка әкімшілігі тез арада атысты тоқтатуға шақырды. Владимир Зеленскийдің кеңсесі келіссөз қорытындысы бойынша Киев пен Вашингтонның бірлескен мәлімдемесін жариялады, онда Украина АҚШ-тың 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсынысына дайын екендігі аталып өткен.
Америка басшысы Дональд Трамп Киев атысты толығымен тоқтатуға дайын екенін, енді Вашингтон Мәскеудің реакциясын күтіп отырғанын айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Киев атысты толығымен тоқтатуға дайын – Трамп