Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев атысты толығымен тоқтатуға дайын – Трамп

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуВыступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса
Выступление президента США Дональда Трампа на заседании конгресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Киев атысты толығымен тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
"Украинаға қарағанда Ресеймен жұмыс істеу оңайырақ болатынын айттым ғой, бұл керісінше болуға тиіс еді. Бірақ жағдай солай, біз Ресейді тартамыз деп үміттенеміз. Дегенмен Украинаны атысты толығымен тоқтатуға көндірдік, бұл жақсы, әрине", - деді Трамп бизнеске арналған дөңгелек үстелде.
Іс-шараның трансляциясы америкалық телеарналар арқылы көрсетілді.
Сейсенбі күні Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөз өтті. Америка тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц, екінші тараптан сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және қорғаныс министрі Рүстем Умеров қатысты.
Нәтижесінде Украина тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізу туралы АҚШ-тың ұсынысын қабылдауға келісті. Бұған жауап ретінде АҚШ барлау мәліметтерін алмасудағы үзілісті алып тастап, Киевке қару-жарақ жеткізуді қалпына келтіруге рұқсат берді.
Флаг Украины, развевающийся над столицей рядом с монументом Родина-мать в Киеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина АҚШ-пен келісім туралы мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0