Жеңістің 80 жылдығы

Минскіде қазақстандықтардың ерлігіне арналған кітап таныстырылды

1990 жылдардан бері елшіліктің бастамасымен ондаған кітап жарық көрді, олардың көпшілігі көрмеге қойылды
Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Минск халықаралық кітап көрмесі аясында қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігіне арналған кітап таныстырылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Тимур Жақсылықов елшіліктің Беларусьте соғысқан қазақстандық жауынгерлер туралы ақпарат жинау және есте сақтау жөніндегі тұрақты жұмысы туралы хабардар етті.
1990 жылдардан бастап елшіліктің бастамасымен қазақстандықтардың ерлігіне арналған ондаған кітап жарық көріп, олардың көбі көрменің қазақстандық экспозициясында ұсынылған.
Бұл жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лайла Ахметова өзінің "Брест қамалы. 1941. Қазақстан" кітабын таныстырды.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңістің 80 жылдығына тарту: Қарағанды облысында майдангерлер жайлы кітап жарыққа шығады