Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мәскеу Украинадағы қақтығысты ұзақ мерзімге тоқтатуға мүдделі – Путиннің көмекшісі

Sputnik
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Мәскеу Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуға емес, ұзақ мерзімге реттеуге мүдделі. Бұл туралы Ресей президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Оның пікірінше бейбіт іс-әрекет ретінде көрсетіліп жатқан қадамдардың ешкімге керегі жоқ.
"Ұсынылып отырған Украинадағы атысты уақытша тоқтату туралы келісім украин әскерін тынықтыру үшін ғана жасалып жатыр", - деді Ушаков.
Сейсенбі күні Сауд Арабиясында Украина мен АҚШ делегациялары арасында келіссөз өтті. Америка тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолтц, екінші тараптан сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және қорғаныс министрі Рүстем Умеров қатысты.
Нәтижесінде Украина тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін 30 күндік атысты тоқтату режимін дереу енгізу туралы АҚШ-тың ұсынысын қабылдауға келісті. Бұған жауап ретінде АҚШ барлау мәліметтерін алмасудағы үзілісті алып тастап, Киевке қару-жарақ жеткізуді қалпына келтіруге рұқсат берді.
Қазақстан мен Мажарстан Украина бойынша келіссөздердің басталатынына сенім білдірді