https://sputnik.kz/20250217/qazaqstan-men-mazharstan-ukraina-boyynsha-kelissozderdin-bastalatynyna-senim-bildirdi-50921331.html
Қазақстан мен Мажарстан Украина бойынша келіссөздердің басталатынына сенім білдірді
Қазақстан мен Мажарстан Украина бойынша келіссөздердің басталатынына сенім білдірді
Sputnik Қазақстан
Министр дипломатиялық практикада жиі қолданылатын "devil in the details" сөзін еске салды 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T12:44+0500
2025-02-17T12:44+0500
2025-02-17T13:20+0500
министр
келіссөздер
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50919424_0:132:1280:853_1920x0_80_0_0_d394604207bcce4e332f783d66b53712.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Мажарстанның сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто Астандағы кездесуде Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздердің басталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Кездесуден кейінгі брифингте Нұртілеу бүгінде бейбіт келіссөздерге қатысты сан алуан мәлімдемлер мен мессенджердің барын ерекше атап өтті. Қазақстан мен Мажарстан соның бәрін мұқият бақылап отыр.Осы орайда министр дипломатиялық практикада жиі қолданылатын "devil in the details" сөзін еске салды."Сондықтан бұл мәселелердің детальдерін жан-жақты қарау керек. Оның үстіне үш жылдық соғыс кезінде көптеген мәселенің асқынып кеткенін бәріміз жақсы білеміз. Олардың Қазақстанға тигізіп жатқан әсерін, халықаралық жағдайға тигізген әсерін де сезініп келеміз. Сондықтан "үмітсіз шайтан" дейді, бәріміз осы күрделі түйіннің барлық тараптың мүдделерін ескере отырып шешілетініне үміт артып отырмыз", - деп атап көрсетті сыртқы істер министрі.Ал Мажарстанның сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Украина мәселесін реттеуге қатысты әрекеті сәтті болатынына сенім білдірді."Біз Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер сәтті болады деп сенеміз. Украинада бейбітшілікке ертерек қол жеткіземіз деп сенеміз", - деді Сийярто.Мажарстанның министрі Париждегі бүгінгі кездесуді де сынға алды. Ол жақта АҚШ-тың Еуропаны қатыстырмай, тікелей Ресеймен келіссөздерді жүргізуіне байланысты Украина бойынша шұғыл саммит өткізуге шешім қабылданды."Соғысты қолдайтындар бірігіп жатыр. Бүгін олар Парижде кездеседі. Соңғы үш жыл бойы отқа май құйғандар, соғысты қолдағандар Парижде бас қосады. Олар санкцияны қолдап, шиеленісті ушықтырып отырды. Олар бейбітшілікке қарсы, Трампқа қарсы. Бәрі күш біріктіріп жатыр. Олар Украинадағы шиеленісті бейбіт жолмен тоқтатуға қарсы, соған бар күш-жігерін салады", - деді Сийярто.
https://sputnik.kz/20241112/murat-nurtileu-livandagy-zhagdaydy-turaqtandyru-boyynsha-naqty-usynystar-azirleuge-shaqyrdy-48450950.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/11/50919424_220:131:1182:853_1920x0_80_0_0_0512fa92a4bb66c44b6a3768b101af64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, келіссөздер
Қазақстан мен Мажарстан Украина бойынша келіссөздердің басталатынына сенім білдірді
12:44 17.02.2025 (жаңартылды: 13:20 17.02.2025) Министр дипломатиялық практикада жиі қолданылатын "devil in the details" сөзін еске салды
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Мажарстанның сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто Астандағы кездесуде Ресей мен Украина арасында бейбіт келіссөздердің басталатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кездесуден кейінгі брифингте Нұртілеу бүгінде бейбіт келіссөздерге қатысты сан алуан мәлімдемлер мен мессенджердің барын ерекше атап өтті. Қазақстан мен Мажарстан соның бәрін мұқият бақылап отыр.
"Біз бүгінгі кездесуде Ресей мен Украина арасында келіссөздердің басталуына үмітіміз зор әрі жаңа үміт оты тұтанғанын айтылды. Дегенмен бұл шешім оңай тарқалатын түйін емес екені түсінікті. Сонымен қатар келісімге қадам жасау – жақсы үрдіс. Біз оны мейілінше қолдаймыз", - деді Мұрат Нұртілеу.
Осы орайда министр дипломатиялық практикада жиі қолданылатын "devil in the details" сөзін еске салды.
"Сондықтан бұл мәселелердің детальдерін жан-жақты қарау керек. Оның үстіне үш жылдық соғыс кезінде көптеген мәселенің асқынып кеткенін бәріміз жақсы білеміз. Олардың Қазақстанға тигізіп жатқан әсерін, халықаралық жағдайға тигізген әсерін де сезініп келеміз. Сондықтан "үмітсіз шайтан" дейді, бәріміз осы күрделі түйіннің барлық тараптың мүдделерін ескере отырып шешілетініне үміт артып отырмыз", - деп атап көрсетті сыртқы істер министрі.
Ал Мажарстанның сыртқы істер және экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Украина мәселесін реттеуге қатысты әрекеті сәтті болатынына сенім білдірді.
"Біз Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздер сәтті болады деп сенеміз. Украинада бейбітшілікке ертерек қол жеткіземіз деп сенеміз", - деді Сийярто.
Мажарстанның министрі Париждегі бүгінгі кездесуді де сынға алды. Ол жақта АҚШ-тың Еуропаны қатыстырмай, тікелей Ресеймен келіссөздерді жүргізуіне байланысты Украина бойынша шұғыл саммит өткізуге шешім қабылданды.
"Соғысты қолдайтындар бірігіп жатыр. Бүгін олар Парижде кездеседі. Соңғы үш жыл бойы отқа май құйғандар, соғысты қолдағандар Парижде бас қосады. Олар санкцияны қолдап, шиеленісті ушықтырып отырды. Олар бейбітшілікке қарсы, Трампқа қарсы. Бәрі күш біріктіріп жатыр. Олар Украинадағы шиеленісті бейбіт жолмен тоқтатуға қарсы, соған бар күш-жігерін салады", - деді Сийярто.