Тері өңдеу бойынша қандай кәсіпорындар ашылады

Ақтөбе және Алматы облыстарында зауыттың құрылысы басталды
Sputnik
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтанов Қазақстанда тері өңдеу бойынша бірнеше кәсіпорын ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Азат Сұлтановтан тері өңдеу кәсібін дамыту бойынша қандай жұмыстар қолға алынғанын сұрады. Басшының айтуынша, қазіргі кезде бірнеше инвестициялық жоба қолға алынған.
"Мысалы, Ақтөбе облысында үлкен бір зауыттың құрылысы басталды. Осы жылы салып бітеміз. Онда құрылыс жабдықтарына арнайы изоляциялық материал жасалады", - деді Сұлтанов мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, Алматы облысында желатин шығаратын зауыт та инвестициялық жобалар тізіміне енді.
"Қытай бізден тері алмай қойды": тығырыққа тірелген кәсіпкер жанайқайын жеткізді – видео