"Қытай бізден тері алмай қойды": тығырыққа тірелген кәсіпкер жанайқайын жеткізді – видео

© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанда мал терісі толық өңделмей жатыр. Қасаптар мен тері өткізушілер тығырыққа тірелдік дейді. Жылдар бойы қордаланған проблеманы Sputnik Қазақстан тілшісі көріп қайтты.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Еңбекші ауылында осыдан жарты жыл бұрын тері өңдейтін зауыт ашылған болатын. Зауыт ауылдан 650 метр жерде орналасқан. Кеңес үкіметі кезінде мал шаруашылығына арналып, кейіннен іске жарамай қаңырап қалған ғимаратта ашылған. Алайда Еңбекші ауылының тұрғындары сасық иістен мезі болғанын айтып, зауытты жапқызып тастаған.
"Бұл зауытты қытай жерінен 1,5 млн долларға арнайы техника алдырып, ашқан едік. Мемлекеттен еш көмек алмай, қарапайым қазақтың қара баласы қаражатты өз қалтасынан шығарды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен тері ағылып келді. Зауытты қараша айында ашқандықтан тері кеппеген еді. Бірақ сонда да өңдеуді бастадық. Бірақ Еңбекші ауылының тұрғындары қайта-қайта наразылық білдіріп, енді зауытты жауып тастадық. Салдарынан бірнеше тонна тері игерілмей қалды", - дейді "Batu Agro" ЖШС бригадирі Беркін Шайжанов.
Бұл зауытта теріден малға берілетін биоазық өндіріледі. Оны жем-шөпке қосып берсе, мал қоңданып, семіреді. Жарты жылда өңделген биоазықтың 40 тоннасы Ауғанстан жеріне экспортталып, ауғандар әлі күнге аса қызығушылық танытып отыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
"Өкінішке қарай, қазір баратын жеріміз жоқ. Зауыт салайық деп әр жерді аралап жүрміз. Бізге жоғарғы вольтты электр энергиясы бар жер болса болды, өзіміз ақ ғимарат салып алар едік, бірақ ондай мүмкіндік болмай тұр", - дейді "Batu Agro" ЖШС мамандары.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт - Sputnik Қазақстан
1/5
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт
Қарасай ауданы Еңбекші ауылындағы жабылып қалған мал терісін өңдейтін зауыт - Sputnik Қазақстан
2/5

3/5

4/5

5/5

Бір Алматы облысында ірілі-ұсақты оннан астам мал соятын орын жұмыс істейді. Ауласында мал соятындар да бар. Сол мал соятын орындардан тері қабылдап жүрген Әнуар Мықтыбай проблеманың ауқымды екенін айтады.
"Мен 15 жылдан бері тері өткізумен айналысамын. Бұрын теріні Қытайға өткізетінбіз, ол кезде жағдай жақсы еді, бес жыл болды Қытай бізден тері алмайды. Сосын Қырғызстанға өткізетінбіз, міне бір жыл болды Қырғызстан да біздің теріні алмайды. Мен айына 50 тонна тері қабылдаймын, оның небәрі 10, ары кетсе 15 тоннасын ғана өткіземіз. Қалғанын қоқысқа лақтырамыз. Тері тұра бергеннен кейін қызарып күйіп кетеді, ондай тері кәдеге жарамайды, амалсыз лақтырамыз", - дейді тері өткізуші кәсіпкер Әнуар Мықтыбай.
© Sputnik / Айдана ДайыроваТері өткізуші кәсіпкер Әнуар Мықтыбай
Тері өткізуші кәсіпкер Әнуар Мықтыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2023
Тері өткізуші кәсіпкер Әнуар Мықтыбай
Әнуардың айтуынша, жалға алатын орын, электр мен судың ақшасы, жұмысшылардың еңбекақысы да өтелмей жатыр.
Тері болғанда да ірі қара, оның ішінде сиырдың терісі ғана кәдеге жарайды. Жылқы малының терісін ешкім керек қылмайды. Ұсақ малдың терісі де іске жарамай, мыңдап қоқысқа кетіп жатыр.
"Қоқысқа лақтырудың өзі проблема, ол жерге де рұқсат жоқ деп кіргізбейді. Жалпы, бір сиырдың терісін 1000 теңгеден, ал қойдың терісін 200 теңгеден өткіземіз. Ол біздің шығынды жаппайды. Тері зауыттарына барып, жалынып, жалбарынып, әйтеуір бірнәрсе етіп өткіземіз. Қазақстанда теріні ауқымды өңдейтін зауыт жоқ. Сол себепті барлық теріні қабылдамайды, қабылдағанның өзінде бағасы өте төмен", - дейді тері өткізуші кәсіпкер.
© Sputnik / Айдана Дайырова Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
  Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері - Sputnik Қазақстан
1/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
© Sputnik / Айдана Дайырова Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
  Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері - Sputnik Қазақстан
2/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
© Sputnik / Айдана Дайырова Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
  Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері - Sputnik Қазақстан
3/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
1/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
2/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
3/3
Кәсіпкер Әнуар Мықтыбай жинаған тері
Алматыдағы "Жұлдыз" мал базары – ең ірі мал соятын орындардың бірі. Мұнда айына 500 мал сойылады. Қыс кезінде мал сойдыратындар азайғанымен, маусым кезінде жұмыс қыза түседі.
Қасаптардың айтуынша, Қытай жері бізден алған бір ғана өгіз терісінен үш түрлі бұйым жасайды. Теріні үш қабатқа бөліп, екі қабатынан көліктің бөлшектерін, ал соңғы қабатынан аяқкиім тігіп, Қазақстанға әкеліп, бірнеше есе қымбат бағамен сатады.
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖұлдыз мал базары
Жұлдыз мал базары - Sputnik Қазақстан
1/4
Жұлдыз мал базары
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖұлдыз мал базары
Жұлдыз мал базары - Sputnik Қазақстан
2/4
Жұлдыз мал базары
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖұлдыз мал базары
Жұлдыз мал базары - Sputnik Қазақстан
3/4
Жұлдыз мал базары
© Sputnik / Айдана ДайыроваЖұлдыз мал базары
Жұлдыз мал базары - Sputnik Қазақстан
4/4
Жұлдыз мал базары
1/4
Жұлдыз мал базары
2/4
Жұлдыз мал базары
3/4
Жұлдыз мал базары
4/4
Жұлдыз мал базары
Қазақстандағы мал терісіне бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты болған. Енді Ауыл шауашылығы министрлігіне өтіпті. Министрлік ауысқанымен, Қазақстандағы тері мәселесі әлі күнге толық шешілмей келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі де бұл салада проблеманың бар екенін мойындап отыр.
"Тері өңдеу саласындағы негізгі проблемалар: теріні тереңдете өңдейтін кәсіпорын жоқ. Малды аулада сойылатындықтан және ветеринариялық тазалықтың болмауына байланысты сапалы шикізат жетіспейді. Бұл аздай шикізатты сатып алуға айналым қаражаты жоқ", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, шикізат көлемі өңдеу мен өткізу мүмкіндігінен айтарлықтай жоғары. Жалпы республикада теріні бастапқы өңдейтін 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 3,3 млн дана ірі қара терісін, 4 млн данадан астам ұсақ малдың терісін өңдеуге мүмкіндігі бар. Тері өңдеу зауыттары Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан.
"2022 жылы 3 437,9 мың дана ірі қара терісінің 13,4%-ы (462 мың данасы) өңдеуге жіберілген. 1 601,2 мың доллардың шикізаты Ресейге, Түркияға, Ганаға, Қырғызстанға және Қытайға және т.б елдерге экспортталды. 81,4%-ы (2 802,3 мың данасы) – өңделмеген қалдық.
Осылайша Қазақстандағы ірі қара мал терісінің 13,4%-ы ғана өңделіп жатыр. Ұсақ мал терілері өңделмейді", - деп түсіндірді мамандар.
Дегенмен министрліктің қуанышты жаңалығы да бар.
"Тәулігіне 2 000 дана ІҚМ терісін, тәулігіне 5 000 дана ұсақ мал терісін тереңдете өңдеу бойынша кәсіпорын салу жоспарланып жатыр. Инвестициялық жобаның құны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады. Қазіргі уақытта Қағидалар жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда келісіліп жатыр", - дейді ведомство.
Сонымен қатар теріні тереңдете өңдеу мақсатында республиканың екі өңірінде желатин өндірісімен айналысатын 2 жобаны іске асыру жоспарланған: Алматы қаласында жылына 7,0 мың тонна желатин өндіретін "Iskefe Holding" ЖШС және Ақтөбе облысында жылына 1,0 мың тонна желатин өндіретін "KAZGELATINE" ЖШС іске қосылады. Жоспар ойдағыдай жүзеге асса, Қазақстандағы тері мәселесі біртіндеп шешіледі дейді ауыл шаруашылығы минис
Жаңалықтар
0